Белгілі әнші Қайрат Нұртас жуырда 10 жастағы ұлы Ханға автокөлік сыйлап, көпшілікті таңғалдырған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Араға көп уақыт салмай, 11 қыркүйекте оның 16 жастағы қызы әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады. Жүктелген суретте бойжеткен қолында кілт ұстап, Hyundai PALISADE көлігінің жанында тұрған.
Қызы ешқандай түсініктеме жазбағанымен, суреттен отбасындағы жаңа темір тұлпарды байқауға болады. Айта кетейік, бұл үлгі Қазақстанда 2025 жылдың 14 тамызынан бастап сатылымға шыққан. Базалық құны – 33 890 000 теңге.
Әлеуметтік желі қолданушылары отбасын қуанышымен құттықтап қана қоймай, қалжыңға да жол берді:
«Қызы інісінің көлігін тартып алған сияқты ғой», – деп пікір қалдырғандар болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от <3???? (@kaalau__)