Брюссельдегі шұғыл жиын Ресей дрондарының Польша әуе кеңістігін қасақана бұзуы бойынша өтті, деп хабарлайды 24kz.

Еуропарламентте Польша премьері Дональд Туск ұшқышсыз аппараттар Ресей жағынан келгенін мәлімдеді. Кремль болса: «Мақсат Польша емес, Украина еді», — деп отыр. НАТО да бұл оқиғаға жауап шараларын дайындап жатыр.