Жарылыс Жібек жолы ауылында орналасқан «Азия Агро Фуд» зауытында болған , деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа дәнді дақыл қалдықтарынан пайда болған шаң-ауа қоспасының тұтануы себеп болған. Оқиға салдарынан 1300 шаршы метрден астам аумақта өрт шыққан.

Жарылыс салдарынан бір адам мерт болған. Тағы үш жұмысшы ауыр күйік алып, денелерінің 80–90%-ын күйік шалған. Барлығы жедел түрде жансақтау бөліміне жеткізілген.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себептерін анықтау үшін арнайы мамандар оқиға орнында тексеру жүргізіп жатыр.