«Бағанашыл» балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді көшірмек болған кезде туындаған дау салдарынан үш лауазымды шенеунік қызметінен кетті. Атап айтқанда, Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков, Білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева және Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбітов жұмысынан босатылды. Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасарына қатаң сөгіс жарияланды.

Еске салайық, 21 шілдеде Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласына көшіру кезінде шу шығып, балалар қарсы болған еді. Артынша бұл жағдайға Мемлекет басшысы араласқан еді. Президент тапсырмасымен балаларды көшіру тоқтатылып, Президент Әкімшілігі жанынан қызметтік тергеу тағайындалған болатын.

Қуан Нұрақын