Алматыда мыңдаған студентке жатақханаларда орын жетпейді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осы жағдайға пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеунік Алматыдан басқа барлық өңірде жатақхана мәселесі шешілгеніне сендірді.
"Басты назарымыз Алматыда. Әлі де 10 мыңға жуық төсек-орын тапшылығы бар. Сондықтан бірінші курс студенттеріне басымдық беріледі. Десе де орын тапшылығы айтарлықтай көп емес. Өйткені үш жыл бұрын 87 мыңға жуық орын жетпеді, қазір 10 мыңға дейін қысқарды", — деді министр Үкіметтегі брифингте.
Айта кетейік, министрлік Алматыда студенттерді жатақханадағы орынмен қамтамасыз ету мақсатында ахуал орталығы жұмыс істейтінін хабарлады.
Орталықтың байланыс нөмірлері:
- +7 700-255-14-43;
- +7 700-950-95-28;
- +7 727-237-01-70.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз