Бұрынғы мәслихат депутаты Маңғыстау облысының әкімінен ұл таптым деп, өмірден түңілгенін ашық айтты. Экс-депутаттың бұл мәлімдемесі қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Адайдың қызымын, Қосайдың ұрпағымын. Өзімді басындырып қоюдан шаршадым, қанша мықты болуға тырыссам да қолымнан келмей жатыр. Қателігімді мойындадым. 3 жасар ұлым Әміренің құқығын қорғап жүрмін. 10 маусымда сотқа бердім, одан бері екі ай өтті, әлі еш нәтиже жоқ, ДНҚ да жасаған жоқпыз», — дейді ол.

Сонымен қатар келіншек баласының болашағына алаңдайтынын айтып, тегіне қатысты сөз қозғады.

«Ұлым кішкентай кезінде осы мәселенің бәрі бітсе екен деймін, есейгенде еш мәселе болмаса екен деймін. Баламның тегі болғанын қалаймын, тумаластарымен араласса жақсы болар еді. Баламның әкесінің ата-анасының еш жазығы жоқ, олар баласын осылай болсын деп тәрбиелемейді. Менде барар жер, басар тау қалмады. Көп сұрақтың жауабы жоқ», — деп жанайқайын жеткізді келіншек.

Ол өзінің ішкі күйзелісі мен адасқанын айтып, бар шындығын бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Todayinfo.kz (@todayinfo.kz)