"Қазгидромет" 22, 23 және 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал 22 және 24 шілдеде Батыс Қазақстанда күшті жаңбыр, күндіз бұршақ және дауылды жел күтіледі. Елдің басқа аймақтарында жаңбырсыз, өте ыстық ауа райы сақталады.

Еліміз бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік пен шығыста тұман түсуі ықтимал.

Температура қандай болады?

22–23 шілде күндері Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз +40°C,

Алматы облысының батысы, солтүстігі және орталығында +42°C дейін ыстық болады.

Елдің батысында +35...+39°C,

Қазақстанның оңтүстік-батысында +38...+42°C,

24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде +35°C,

Орталық өңірлерде +35...+38°C,

Елдің оңтүстігінде +40...+42°C,

Оңтүстік-шығыста +35...+39°C ыстық күтіледі.

Шілде айындағы ауа райы қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың шілдесіне арналған кеңес сипатындағы болжамды ұсынған болатын. Сол болжамға сәйкес, ай бойында ауа райы тұрақсыз болады. Елдің көп бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде нөсер, найзағай, бұршақ және дауылды желдер күтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget