Қапшағайда суға кету деректері азаяр емес. Шомылу маусымы басталғалы мұнда 6 адам суға кеткен. Олардың екеуі кәмелет жасына толмаған. Бүгінде қайғылы жағдайдың алдын алып, қауіпсіздікті күшейту мақсатында жағажайларда бейнебақылау жүйелері орнатылып жатыр. Жасанды интеллект арқылы басқарылатын камералар — облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел әрекет ету желісіне тікелей қосылған. Алайда, жеке демалыс аймақтарының иелері қауіпсіздік шараларына атүсті қарауда. Кәсіпкерлер әлі күнге бейнекамера орнатпаған . Құтқарушылар да тапшы.
Жеңіс Төребеков, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
«Алтын алма» жағажайында орын алған жағдай бойынша, бүгінде Қонаев қалалық полиция басқармасы тарапынан қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігі тарапынан жұмыс тобы құрылып, мониторинг жұмыстарын жүргізуді бастады. Бесінші, алтыншы жағажайға қала әкімдігі тарапынан камералар орнатылды.
Динара Үсенова