Жамбыл облысында жер сілкінді. Магнитудасы 2-ден 6 балға дейінгі жерасты дүмпуі бүгін сағат 14:30-да тіркелді.
Тербеліс күші Құлан ауылында 6, Меркі ауданында 5 балға жеткен. Ал Тараз бен Шу қаласында, сондай-ақ Байзақ және Жамбыл ауданында 3 балды көрсетті. Сейсмология институтының мәліметінше, дүмпу ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 334 шақырымда болған. Ал бұл қашықтық Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылының маңы. Тектоникалық тақталардың тербелісі 8 шақырым тереңдікте болған. Жергілікті тұрғындар үйдегі аспа шамдардың шайқалғанын байқаған. Ал әкімдік өкілді аудан орталығындағы ешқандай нысанға зақым келмегенін хабарлады.
Бауыржан Сейдалиев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті кезекші бөлімінің бастығы:
Төтенше жағдайлар министрлігі командалық орталығы мен Жамбыл облысы төтенше жағдайлар базасында жедел штаб құрылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрі командалық орталығында және облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаментіне байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды.