Заңгер Нұрсұлтан Орынбек инфо-бизнестегі алаяқтар туралы айтты.

Бұл туралы ол “Sadaq media” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Елімізге инфобизнес деген ұғымды алып келген — Қуаныш Шонбай. Ол кісі оны мақтанып та айтады. Инфобизнесті олар жақсы мақсатта алып келуі мүмкін. Оны халыққа беріп, байып жатқандар да бар. Бірақ көпшілігі алаяқ болып кетті, оны мойындау керек. Олар халықтың санасын көп техникаларды көрсетті. Прогревті қалай жасау керек, адамдардың жан-жарасын қалай анықтау керек, өзіңді қалай көрсету керек деген сияқты ішкі сабақтары бар. Олар адамдарға манипуляцияны қалай жасау кеектігін көрсетті”, — деді заңгер.