Биыл 5 айда онлайн алаяқтықтың 10145 дерегі тіркелген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл былтырғы көрсеткіштен көп. Арам пиғылдылардың арбауына, әсіресе, Астана тұрғындары жиі ілігеді. Қаңтар-мамыр аралығында 1500-ден адам алданып қалған.
Алматыда 1100, ал Қарағанды облысында 800-ден астам адам онлайн тұзаққа түсіп қалды. Жалпы интернет алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрі — банк қызметкерінің қоңырауы. Бес айда қазақстандықтарға мұндай екі мыңнан аса қоңырау түскен. Интернеттегі хабарландыру арқылы ақша жымқыру да алаяқтықтың кеңінен тараған түрі саналады. Азаматтарды күмәнді инвестициялық жобаларға тарту — алаяқтардың тағы бір амалы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!