Алматыда жасөспірім кәмелетке толмағандарға арналған колониядан қашпақ болған. Ол ұсталды, бұл оқиға бойынша тергеу басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде кәмелетке толмағандарға арналған Алматы колониясынан сотталған екі жасөспірім қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Олардың біреуі бірден ұсталғаны, екіншісі қашып кеткені айтылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жасөспірім кәмелетке толмағандарға арналған мекемеден қашуға әрекет жасағанын растады.

"Кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған мекемедегі қашу әрекетіне жол берілмеді. Сотталған адам жедел түрде ұсталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды", — деді ҚАЖК өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget