Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешек киюге тыйым салу туралы бастамаға пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.
Ержан Сәденовтың айтуынша, ІІМ бұл бастаманы қолдайды.
"Бұл – депутаттардың бастамасы. Біз қолдаймыз. Өйткені бұл бірінші кезекте қауіпсіздікке бағытталған. Егер жасыратын түгі болмаса, бетті жауып не керек?" – деген сауал қойды министр.
Сондай-ақ, министр бұл мәселе бірнеше рет комитет отырыстарында вице-министрлер мен ІІМ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен талқыланғанын айтты.
Еске салайық, бет-жүзді жабатын киімге тыйым салу туралы ұсыныс маусымның басында Сенаттағы жұмыс тобының отырысында көтерілген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз