Еліміздің гүлденіп, жасыл желеккке орануын қара нардай алға тартып жүрген жандар аз емес. Осы орайда гүл өсіру мәдениеті, абаттандыру, көгалдандыру саласының дамуына атсалысып, сол салаға қатысты шаруаға білек сыбана кірісетін Гүзел Құлжабаеваның орны бөлек.
Гүзел Құлжабаева, «Гүлзар» қоғамдық ұйымының жетекшісі:
Табиғатта гүлдемейтін тек қана Папоротник. Қырықжапырақ дейміз біз. Содан кейін саңырауқұлақ. Бірақ саңырауқұлақты өсімдікке жатқызбайды. Қазір жаңа сұрыптары шықты. Бір жазда 3-4 рет гүлдейді. Қараңыздар, мына біреуінің өзінен бір букет жасауға болады. Қандай әдемі. Мұның түсі де көп, түрі де көп. Биік, тіпті шырмалып өсетіні, төмен салбырап өсетіні бар. Өте аласа, қысқа түрі де бар. Тіпті қазір ғалымдар қара түсін де шығарды. Бізде қазақтар не істеген? Күзде күзеу, қыстау, көктемде көктеу. Жазда жайлау деп өсімдіктің өсуіне мүмкіндік берген. Біз табиғатты қорғауымыз керек. Ол әр адамының міндеті. «Гүлстан» журналын шығардым. Содан кейін балаларға арналған 58 кітапша шығардым. Және мен өзімнің ауылымның балабақшасын, 3 мектебін көгалдандырдым. «Батыр Ана» бағын жасадым. Аналардың құрметіне. Нұрғали Нүсіпжанов біздің ауылдан шыққан. Ол кісінің құрметіне бақ жасадым. Қарағайдан Мұхтар Әуезовтің бағын жасадым. Содан кейін «Абай» бағын жасадым. Қамыс басқан жер еді. Осы жерден қазір 10 шақты гектарын көгалдандырып отырмын. 5 гектары таза терек. 2 гектары қайың бақ. Және 6 гектары әртүрлі жеміс ағашы мен гүлдер. Мақсатым – көгалдандырушы шығару. Сол мамандыққа мен шақырамын. Бұл қатты қиын емес. Жақсы көру керек. Көбісі маған айтады: «Сіз гүлді жақсы көргеннен кейін гүл егесіз ба?», — дейді. Мен айтар едім — Отанымды, елімді, жұртымды жақсы көремін. Мен Қазақстанды жақсы көремін. Мен қайтсем Қазақстан гүлденсе, көгалданса екен деп ойлаймын.
Қуан Нұрақын