Бүгін Семейде де мемлекеттік ту салтанатты түрде көкке көтерілді, деп хабарлайды 24kz.
Екі мыңнан астам адам оркестрдің сүйемелдеуімен Әнұранды орындады. Ал жүздеген велосипедші мемлекеттік Тумен қала көшелерін аралады. Осылайша, ұйымдастырушылар мемлекеттік рәміздерді насихаттап, ұлттық құндылықтар мен бірлікті нығайтуға өзіндік үлес қосты. Жалпы Семейде Мемлекеттік рәміздер күніне орай 30-дан астам шара өткізу жоспарланған.
Айбек Ғапуов, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
- Ғимараттарда, тұрғын үйлерде мемлекеттік тудың бейнесін орналастыру бойынша шаралар өткізілуде. Сонымен қатар күннің екінші жартысында Семей қаласының орталық алаңында, Арбат алаңында, Сол жақ жағалау көпір асты алаңдарында патриоттық әндер кеші салтанатты мерекелік концерттік шаралар ұйымдастырылатын болады.