Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 6–8 маусым аралығында аталып өтіледі . Бұл алаңдардың барлығы ветеринариялық-санитариялық талаптарға толық сай келеді. Мұнда малды алдын ала тексеру, құрбандық шалу және қалдықтарды залалсыздандыру жұмыстары нақты тәртіппен жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкімдік өкілдері құрбандық шалу тек арнайы бекітілген орындарда өтуі тиіс екенін ескертеді. Бұл – қоғам денсаулығын сақтау мен жұқпалы аурулардың алдын алудың маңызды кепілі. Қоғамдық тәртіп пен санитарлық талаптарды сақтау – барша азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Сондай-ақ рұқсат етілмеген жерлерде құрбандық шалу және заңсыз мал саудасымен айналысу әрекеттері заңмен тыйым салынатынын да атап өтті. Мұндай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады.

Алматы облысының әкімдігі тұрғындарды Құрбан айт мерекесін арнайы белгіленген орындарда, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып атап өтуге шақырады.

Алматы облысы