Қытай астық сақтайтын ерекше қамба жасады.

Оңай құрастырылатын мұндай қойма әлемде бұрын-соңды болмаған дейді білетіндер. Сыйымдылығы 9 мың тоннаға дейін дәнді дақыл жинай аласыз.

Құрылғы шығыны да әлдеқайда аз. Тиімділігі аса жоғары.

Бұл қамба тез жиналып, тез құрастырылады. Инженерлер оған пневматикалық технологияны қолданған. Былайша айтқанда қойма қажет болса үрлей саласың. Диқандарға өте ыңғайлы.

Ван Юэ, астықты сақтау ғылыми-зерттеу институтының инженері:

- Қамба бірегей технологиямен салынған. Ыстық пен суыққа, жауын-шашынға төзімді. Дәстүрлі қоймаларға қарағанда тиімділігі 6 есе жоғары.

Әр қойманың диаметрі 24, биіктігі 33 метр. Инженерлердің айтуынша, ішінде оттегі мүлде болмайды. Бұл зиянкестерден қорғайды. Ал сенсорлы желі арқылы жиналған астықтың температурасын бақылауда ұстауға болады.

Цзинь Фэн, жоба жетекшісі:

- Астық сапасы жақсы сақталады. 100 адам атқаратын жұмысты енді 18 адам ғана істей алады. Дәстүрлі қоймаларға қарағанда шығын 30-40 пайызға азайды.

Жоба Хунань провинциясында жүзеге асырылып жатыр. Қазір алғашқы 5 данасы сәтті салынды. Жуырда пайдалануға беріледі.

Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын