Мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.
13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.
15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.
Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.