Бүгін, 23 желтоқсанда Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті актёр, режиссёр, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы kazinform-ға сілтеме жасап.

Жерлеу рәсімі «Кеңсай-1» зиратында өтеді.

Еске салайық, Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол қазақ киносы мен театрының алтын қорына енген ондаған рөлді сомдап, бірнеше буын актёрдің қалыптасуына үлес қосты.