Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов экс-әйелі Мөлдір Мұқанованың айтқандарына жауап берді

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ардақты ағайын, Мен балдарымды ешқашан блокқа қойған емеспін және мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балдарым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!”, — деп жазды әзілкеш.

Естеріңізге салсақ, Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, әзілкешпен ресми түрде ажырасқандарын айтқан еді.