Еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері Ризабек Айтмұқан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз 97 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған.
Ризабек Айтмұқан үшінші орын үшін өткен белдесуде Иран өкілі Аболфазл Бабалуды 7-1 есебімен айқын басымдықпен қапы қалдырды.
Осылайша қазақстандық балуан жастар арасындағы әлем біріншілігін қола жүлдемен қорытындылады.