Қазақстанда балабақшалар балаларды ерте жастан еңбекке баулиды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Биылғы оқу жылында "Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу" жобасы іске қосылмақ. Жобаға республика бойынша 100 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде 62 мемлекеттік және 38 жекеменшік балабақша бар. Бағдарлама 4-5 жастағы балаларды қамтиды.
"Жобаның мақсаты — балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ, еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету", — деп жазылған хабарламада.
Жоба мазмұны баланың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай әзірленген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз