Астанадағы жекеменшік клиниканың бірінде мұрнына ринопластика жасатқан 22 жастағы қыз 6 айдан бері ес-түссіз жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Седьмой канал" телеарнасына сілтеме жасап.

1 миллион 400 мың теңгеге жасалған ота туралы жақындары да хабарсыз болып шыққан. Қазір тәуелсіз сараптама тағайындалған.

"Енді емхана тексеріледі", — деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Клиника қыздың әкесіне арызды қайтарып алған жағдайда ем-домды жалғастыратынын айтқан. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Арты осыған апарады деп ойлаған жоқпын. Емделеді деп ойладым. Бұлай ұзаққа созылады деп ойлаған жоқпын. Клиниканың адамдары мойындағысы келмейді", — деді науқастың әкесі Серік Баекин.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget