Мысыр мен Иран Израильдің Қатарға жасаған соққысын қатаң айыптады. Екі ел бұл әрекетті терроризмге деп теңеп, Израильді халықаралық жауапкершілікке тартуды талап етті. Мысыр Сыртқы істер министрі бұл шабуыл Израильдің саяси шешім қабылдауға құлықсыз екенін көрсетеді деп мәлімдеді. Ал Иран Біріккен Ұлттар Ұйымын оқиғаға дереу араласуға шақырды.
Бадр Абделатти, Мысыр Сыртқы істер министрі:
- Израильдің бұл әрекеті қарақшылықпен тең. Аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа нұқсан келтіреді әрі Израильдің соғысты тоқтатуға ниеті мен қалауының жоқтығын дәлелдейді.
Жапония да бұл шабуылды Қатардың егемендігі мен аймақтық қауіпсіздікке төнген қатер деп бағалады. Газадағы бейбіт келіссөздерге кері әсер ететінін жеткізді. Күншығыс елі Израильді келіссөз процесіне қайта оралуға үндеді.
Йошимаса Хаяши, Жапония үкімет басшысының хатшысы:
- Израильдің бұл ұстанымы Газадағы соғысты тоқтату және кепілде отырғандарды босату туралы дипломатиялық күш-жігерді тежейтін әрекет. Біз Қатарға қолдау білдіреміз және Израильді келіссөздерге қайта оралуға шақырамыз.