Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында маңызды инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге назар аударды. Осы мақсатта елде энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жоба бекітілді.

Құжат аясында 170-тен астам іс-шара жоспарланған. Инженерлік желілердің тозу деңгейін төмендету, энергия тапшылығын болдырмау, кешенді цифрландыру, саланы тұрақты қаржыландыру сынды бағыттар қамтылған. Энергетикамен қатар әсіресе әрбір адам үшін өзекті коммуналдық бағытқа да өзгерістер қажет. «Ұзақмерзімді» нақты тариф саясаты қажет», — деді Президент. Себебі ол – салаға «ұзақмерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Оған қоса, елде ауызсуды тұтынудың әлеуметтік нормалары енгізілді. Бұл бастама суды тұтыну деңгейін 8 пайызға азайтты.