Ақтаудағы Caspi Bitum ЖШС мұнай өңдеу зауытында өрт шықты, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таратылған мәліметке сүйенсек, өрт бүгін таңертең болған.

"6 қыркүйекте сағат 08:05-те Caspi Bitum ЖШС-де атмосфералық колоннаға апаратын құбырда өрт шықты. Өрт ошағы сағат 08:32-де зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесінің көмегімен сөндірілді. Сондай-ақ өртті оқшаулауға "Семсер-Өртсөндіруші" ЖШС және қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі қатысты", – делінген хабарламада.

Ұлттық компанияның мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ.

Анықтама: Caspi Bitum ЖШС — Қазақстандағы жол битумын өндіретін ең ірі зауыт. Мұнай өңдеу кәсіпорны тотығырылған және модификацияланған жол битумын шығарады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget