Елімізде жұмыс істейтін қытайлық компаниялардың 70 пайызы – Алматыда. Алып шаһар қытайлық серіктестер үшін инвестицияның негізгі арнасына айналуға дайын. Алматыға республиканың жалпы ішкі өнімінің 21 пайыздан астамы және мемлекеттік бюджеттің 26 пайызы тиесілі. Соңғы жылдары қала экономикасы 75 пайызға өсіп, 62 млрд долларға жетті. Былтыр Алматыға 8 млрд доллардан астам шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық байланысын нығайту үшін қала әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Логистика, цифрландыру, энергетика, тау кластерін дамыту бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге зор әлеует бар, дейді сарапшылар. Соңғы 2 жылда Қазақстан мен Қытай арасында 90-нан астам келісім, меморандум және коммерциялық құжат рәсімделген.
Жазира Оразқызы