Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Ірі саяси іс-шараға байланысты Тяньцзинь әуежайының жүйесі жаңартылды. Әуе айлағында жаңа кіргізу-тексеру аймағы ашылып, қызмет көрсету аумағы кеңейтілді. Кедендік рәсімдерді жылдам жүргізу үшін автоматты қондырғылар іске қосылып, арнайы қызмет көрсетуші топтар құрылмақ. Сондай-ақ ағылшын, орыс және араб тілдерінде сөйлейтін «ақылды» роботтар жұмыс істейді.
«Бұл шетелдік делегацияларға қызмет көрсету сапасын арттыруға тиіс», — дейді ұйымдастырушылар.