Конституциялық реформа – заң үстемдігін нығайту жолындағы маңызды қадам.
2022 жылғы елдегі іргелі өзгерісті азаматтар осылай қабылдаған. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 17 облыс пен 3 мегаполисте әлеуметтік сауалнама жүргізді. Қоғамдық пікір 18 жастан асқан 8 мың адамнан қалыптасты. Сонымен Ата заңның мазмұны мен ережелерін көпшілік білетін боп шықты. Көрсеткіш 77 пайызға жуық. Жұртшылыққа негізінен 3 бастама жаққан. Алдымен Президент өкілеті 7 жылға тек бір мерзіммен сайланады. Сосын жер, оның қойнауы және басқа да табиғи ресурстар халықтың меншiгi деген норма. Үшінші Конституциялық сотты қайта құру. Бұдан бөлек мәжіліс депутаттары санының 98-ге дейін қысқарғанын құптаған. Өлім жазасының жойылуын да мақұлдапты. Сондай-ақ Президенттен бастап Конституциялық соттың төрағасы мен орталық сайлау комиссиясы және жоғары аудторлық палатаның басшылары саяси партияларға мүше бола алмайтындығы оң бағаланған. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын да атап өту керек. Яғни ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады.