Шымкент төріндегі «SHOOTING PLAZA» және дәл осында спорттық ату түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Дәл мына жерде стенд ату шеберлері өзара мықтыны анықтап жатыр. Сол қапталымызда және оң қапталымызда дәл осылай стенд ату шеберлері іріктеу бәсекелерін өткізіп жатыр. Ал жабық спорт кешендерінде нысана көздеуден Азия құрлығының үздіктері анықталып жатыр. Биылғы байрақты бәсекеге 27 елден 800-ден аса қатысушы жиналды. Бұл енді өте ауқымды жарыс. Тіпті өзіндік рекорд десек те болады. Сәйкесінше бұндағы бәсекелестік те өте жоғары. Өзіміздің елімізде өтіп жатқан жарыста қазақстандық спортшылар қандай нәтиже көрсетіп жатыр және о бастағы жоспар қандай, о бастағы тапсырма қандай, жалпы командалық есептен нешінші орынды ала аламыз? Бұл да өте маңызды мәселе.