НТК телеарнасы жаңа маусымдакөрерменге бұрыңғыдан да жарқын эмоция, пайдалы контент пен көптен күткен премьералар ұсынбақ ниетте.
Бас продюсер Айтолқын Ихсанова жаңа телемаусымға қатысты: «Біз көрерменпікіріне жігті назар аударып, олардың ерекше ұнататын жобаларын анықтаймыз және соған сәйкес контент өндіруге тырысамыз. Биылғы маусым эфирге ойын-сауық бағдарламалардан бөлек, негізгі мақсаты қазақ тілін насихаттауға бағытталған білім беру жобасы қосылды. Отандық сериалдарды жақсы көретіндер үшін көрерермен көзаймына айналған драманың жалғасы – «Шыда-2» ұсынамыз. Сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселе –виртуалды алаяқтық жайлы«Сілтеме» сериалының премьерасын күтеміз», — дейді. Бірақ бәрін басынан рет-ретімен айтайық.
Аңыздың қайта оралуы: «Сезім бағы» жобасы

18 тамыз күні танымал ток-шоудың 8-маусымы – «Сезім бағы» көрерменге жол тартады. Бірнеше жылдан бері бұл жоба жүректерді жалғап, отбасы құндылықтарын нығайтып және жалғыздықпен күресуге көмектесіп НТК эфирінде ерекше орын алып келеді.
Жаңа маусымда кәсіби модель, «Мисс Қазақстан», үш баланың анасы және үлгілі отбасы мүшесі ретінде көпке үлгі көрерменнің сүйікті жүргізушісі Айдай Исаеваэфир тізгінін өз қалына алмақ. 8-маусымда бағдарламаға отбасы құруға құлықты кез келген адам қатыса алады.
Еске салсақ, алдыңғы жеті маусымда жоба 28 жұпқа бақыт сыйлады. Бағдарлама дүйсенбі-жұма аралығы 12:00-ден 16:00-ге дейін эфирде көретіледі.
Жұлдыздар, сән және кино: REVUE NEWS

2 қыркүйекте Қазақстандағы шоу-бизнес, сән, музыка және кино әлеміндегі соңғы жаңалықтар жайлы эксклюзив материалдар ұсынатын жалғыз бағдарлама – REVUE NEWS-тің жаңа маусымы басталады. Медианарықта 19 жылдан астам тарихы бар REVUE өз сегментінде әлі де көшбасшы болып келеді. Жоба дүйсенбіден бейсенбіге дейінгі аралықта көрерменгеэксклюзив жаңалықтар ұсынады.
Маусымның басты премьерасы: «Жаңа Қазақтар»

Күзде көрермендерді көптен күткен премьера – ойын-сауық және танымдық «Жаңа Қазақтар» («Новые казахи») жобасы күтеді. Бағдарлама қазақ тілін және мәдениетін жеңіл, әзілге толы форматта насихаттап, бұл процескетанымал қонақтарды тартады. Бағдарламаның жүргізушілері –Нұрдаулет Шертім, сондай-ақ актёрлер мен блогерлер Марселен Камате, Татьяна Турлай, Сергей Закора және Евгений Шворнев қатысады. Әр шығарылым жеке тақырыпқа арналады: қазақ асханасы мен әзілінен бастап дәстүр мен тұрмыстық сөз тіркестеріне дейін тоқталады. Қонақтар тіл үйрену тәжірибесімен бөлісіп, ойындарға, сайыстарға және шығармашылық тапсырмаларға қатысады. «Жаңа Қазақтар» – адамдарды біріктіре отырып тіл үйренудің көңілді, қызықты әрі бәріне қолжетімді екенін дәлелдейтін мәдени диалог.
Ашық әңгімелер: TABOO
Бағдарлама кестесінен TABOO бағдарламасы: танымал адамдардан бастап, жетістікке женткен жандарға дейінгі қонақтардың ішкі әлемін ашатын шынайы тет-а-тет сұхбаттар да табылады. Жаңа маусымда жоба жаңа жүргізушімен толықпақ. Алайда ол харизмалы ер адам ба, әлде сымбатты әйел ме әзірге құпия. Бұл интрига күздің ортасына дейін сақталмақ. Бағдарламаның бірінші санында жаңа жүргізушінің есімі жария етіледі.
Шынайы әңгіме мен астарлы әзіл: OZMZ ҒОЙ
Жұма кештерінде көрермендерді 25 минуттық OZMZ ҒОЙ шоуы күтеді. Жүргізушілер – Дәулет Исраил және Абзал Қамбаров. Жұлдыз қонақтар студияға келіп, шығармашылық өміріндегі жаңалықтарымен, жаңа жобаларымен, кездескен қиындықтарымен және оларды қалай жеңетіндігі жайлы бөліседі. Барлығы жылы әрі шынайы әңгімелер форматында, тапқыр қалжыңдармен және жеңіл атмосферада өтеді.
НТК телеарнасы ойын-сауық және танымдық бағдарламалардан бөлек, сүйікті сериалдар мен драмалық телехикаялардың жалғасын ұсынады.
Қыркүйекте «ШЫДА 2» эфирге жол тартады. Бірінші маусымнан кейін тыныш өмірге қадам басқан Айша күтпеген сынақтарға тап болады: сүйіктісі Жандос түрмеге түсіп, ұлы Медет із-түзсіз жоғалады. Бұл оқиғалар оны өткен өміріндегі адам – Архатпен қайта жолықтырады. Бұл маусымда Айша тек өз өмірін емес, өзгелердің тағдырын да өзгерте алмақ.

Қазанда «№105» атты жаңа сериал жарық көреді. Аталмыш жоба жүйе бұрышқа тіреп, тығырыққа тап болған жасөспірімдер туралы. 16 жастағы Аслан әкесінің кенеттен қаза болуынан кейін беделді мектептен шығып, қарапайым 105-ші мектепке ауысуға мәжбүр. Бірақ «105» – тек ғимарат нөмірі ғана емес, Қылмыстық кодекстегі «адамды өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабын білдіреді.Бұл буллинг пен қысым құрбандары кездесетін ащы шындық. Жаңа мектепте бейресми заңдар үстемдік етеді: билік ұстаздарда емес, қалғандарын қорқытып ұстайтын жоғарғы сынып оқушыларында. Әуелде Аслан көзге түспеуге тырысады, бірақ әділетсіздікпен бетпе-бет келгенде, үнсіздік жүйені нығайтатынын түсінеді. Оның жолы – үнсіз жаңадан келген оқушыданәділдікке қарсы тұра алатын адамға айналу.

Қарашада онлайн-алаяқтық пен инфо-бизнестің қауіпті жағын ашатын алғашқы қазақстандық драма – «СІЛТЕМЕ» сериалының премьерасы өтеді. Сюжет абайсызда полиция генералының анасын алдап, аман қалу үшін өз басын қатерге тіккен үш дос туралы. Іздерін жасыруға тырысқан сайын олар қауіпті тұзаққа одан әрі бата түседі, мұнда виртуалды қателіктер нақты зардаптарға айналады. Оқиға цифрлық әлем де жауапкершілікті талап ететінін еске салады. Әр әрекет үшін ақы төлеуге тура келеді, ал жалғыз жол – кінәні мойындап, бәрін түзетуге тырысу.

Төл туындылардан бөлек, телеарна эфирінде соңғы жылдардың голливуд хиттері, Ресей мен Түркияның жарқын жаңалықтары, эксклюзив шоулар мен қызықты жобалар көрсетіледі. Осылайша, НТК телеарнасы бүкіл отбасыға арналған жарқын эмоция мен сапалы ойын-сауықтың басты көзі болып қала бермек.