Абай күні — Алматы қаласында Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні — 10 тамызда Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жаңа заманауи сауда орталығы — Abay Plaza есігін айқара ашты.
Шараға белгілі ел ағалары, жазушы-ақындар мен бірге қала қонақтары қатысты. Мемлекет және қоғам қайраткері Әмір Құлмаханов, Медицина ғылымдарының докторы, прфессор Нұрлан Арын, қаламгерлер Думан Рамазан, Болатбек Төлепберген және Әлия Іңкәрбек тілектерін білдірді. Белгілі эстрада жұлдыздары әнші Дана Кентай мен «Жігер» тобы әннен шашу шашты.
Abay Plaza – бірнеше буын алматылықтардың сүйікті орны болған «Тигрохауд» базарының жаңа келбеті. Енді бұл – жарық, кең, ыңғайлы және заманауи форматтағы сауда орталығы – енді Абай атамыздың атымен аталмақ.
Abay Plaza – дәстүр мен жаңашылдықтың үндестігі. Мұнда өз ісін осы базардан бастаған сатушылар қайта оралып, Алматылықтарды қуантады.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойында, 10 тамыз күні Алматылықтар Abay Plaza – ның ашылуына келіп, нағыз мерекелік көңіл-күйдің куәсі болды.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына Алматылық кәсіпкерлер Абай атамыздың атымен аталған заманауи форматтағы сауда орталығын ашып, лайықты тарту жасады.
Салтанат Әбдіғали,
Қазақ үні