Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында видео жариялап, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасына назар аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, күн сайын шамамен онға жуық әйел жекесіне хабарласып, көмек сұрайды.
"Күнде 10 шақты қыз жазып, “Не істесем болады? Қайда барам? Кете алмай жүрмін…” деп жылайды. Дауыстары дірілдеп, жүректері қорқып, жан дүниесі қысылады", – дейді Мұқанова.
Ол зорлық-зомбылыққа төзуге мәжбүр болатын жағдайлардың көп екенін атап өтті.
"Себептер әртүрлі. Балалар бар, Баруға жер жоқ, қаржы тапшы, «Мүмкін, өзгерер» деген үміт, Ата-ананың сөзі, Ұялу сезімі, Өзін кінәлі сезіну. Бірақ бір нәрсені ұмытпаңыз: өміріңіз – өз қолыңызда", – деп түйіндеді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Мөлдір Мұқан (@moldir.mt)