Әлеуметтік желілерде Шымкент полиция полковнигінің сән-салтанатты зәулім үйі туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігі жоққа шығарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Интернет кеңістігінде Шымкент полициясында қызмет ететін полковник Құрманбек Саховтың дендросаябақ маңында зәулім коттеджі бар деген видео тараған.
Видеоны түсірген адам бұл үйдің мәрмәрмен әрленгенін, ал жалпы аумағы төрт мың шаршы метрден асатынын мәлімдеген.
Ішкі істер министрлігі Шымкент қалалық полиция департаменті қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізгенін айтты.
"Видеода көрсетілген үй полиция қызметкеріне тиесілі емес екені анықталды. Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!