Танымал айтыскер ақын әрі медиа менеджер Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желілерге қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Оның айтуынша, әлеуметтік желіге кірерде де дұға жасап, Алланың есімін айтып бастау қажет.

«Құранда “зина жасамаңдар” деп емес, “зинаға жоламаңдар” деп ескертілген. Яғни тыйым іс-әрекеттің өзінен бұрын, оған апаратын себептерден сақтануға үндейді. Мысалы, әлеуметтік желіде бір қыз отырады, ал бір жігіттің жақсы посты лентасында көрініп қалса, оған лайк басу — бір қарағанда зиянсыз әрекет сияқты. Бірақ сол лайк — алғашқы қадам болуы мүмкін. Сол секілді, жігіт әдемі қыздың суретін көріп, лайк басса, бұл оның сол адамға деген қызығушылығын білдіреді. Инстаграм алгоритмі де осыны негізге алып, дәл сондай суреттерді жиі ұсына бастайды.

Яғни адам бастапқыда теріс ниетте болмаса да, аз ғана әрекеттен үлкен күнәға апарар жол басталуы мүмкін. Кейде соның бәрі — бір ғана лайктан басталады. Сол себепті менің ойымша, әлеуметтік желіге кіргенде дұға жасап, “Бісміллә” деп кіру керек. Қалай базарға кірерде, ерлі-зайыптылар бірге болар алдында дұға етілетін болса, әлеуметтік желіге де сондай дайындықпен кірген жөн. Өйткені ол – тек базар не отбасы арасындағы байланыстан да ауқымды кеңістік, тұтас бір әлем.

Сондықтан желіге кіргенде: “Бісміллә, кіріп бара жатқан Instagram мен TikTok-ты мен үшін қайырлы ет, берекелі қыл” деп, Алланың есімімен бастау керек. Бұл – Алланың қорғауына себеп болады», – деп атап өтті Тазабек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Muhamedzhan Tazabek — ТӘЛІМГЕР (@mukhamedzhan_tazabek)