Қазіргі заманғы оқыту стандарттарына сай бірыңғай кеңістік құру арқылы еліміздегі орта білімнің деңгейін көтеруді көздеген стратегиялық бастамалардың бірі – «Келешек мектептері». Алайда бүгінгі таңда қалалық һәм ауылдық мектептер арасындағы білім сапасында, инфрақұрылымда, технологиялық мүмкіндіктерде елеулі айырмашылықтар бар. Осы орайда «Келешек мектептері» жобасы бұл алшақтықты азайтып, барша оқушыларға тең мүмкіндік беруге жұмылады деп үміттенеміз.

Білім – баршаға ортақ құнды­лық болғандықтан, әрбір бала қайда тұрса да, сапалы бі­лім алуға тең құқылы. Егер ауыл оқу­шы­лары заманауи білімге қол жеткізе алмаса, бұл – ұлттық әлеуеттің толық ­пайдаланылмай жат­қанын білдіреді. Ауыл баласын заман талабына сай ­жайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асып жатқан бұл бастама оның қарым-қабілетіне қарамастан, кез келген балаға жайлы орта болмақ. Атап айтсақ, ерек­ше білім беру қажеттіліктері бар жет­кін­шектер үшін де жеке санитарлық бөл­мелер, жеделсаты, пандустар, ар­найы белгілер, психолог, логопед және де­фектолог кабинеттері қарас­ты­рылған. Ал пән мұғалімдері интер­активті технологиялар мен пән­дік зертханаларды қолдана отырып, әр оқу­шы­ның қызығушылығы мен қабі­летіне қарай тұлғалық дамуы­на жол ашады. Сонымен қатар «Адал азамат» тұжырымдамасының негі­зінде оқу­шы­ларды еңбекқор­лыққа, адам­гершілікке, адалдыққа баули­тын құндылықтар жүйесі де қалыптаспақ.

Мемлекет тарапынан қолға алын­ған «Келешек мектептері» жобасы – тек жаңа ғимараттар салу немесе инфрақұрылымды жаңарту ғана емес, сонымен қатар білім беру мазмұнын түбегейлі жаңғыртуға бағытталған ке­шенді өзгеріс. Мұндай мектептерде оқушының білім алу траекториясы жеке қабілеті мен қызығушылығы­на сәйкес құрылады. Бұл тәсіл бала бойын­­дағы жасырын таланттарды ашуға, оны жан-жақты дамытуға мүм­кін­дік береді деп ойлаймыз. Осы тұс­та мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, педагогикалық кадрлардың заман талабына сай жаңаша ойлауына жол ашу – басты назарда. «Келешек мектептері» тек оқушыға емес, мұға­лімге де жаңа мүмкіндіктер ұсынып, оны үздіксіз дамуға жетелейді. Ауыл мен қала мектептеріне тең мүмкін­діктер сыйлап отырған бұл жоба – үлкен үміт пен сенім ұялатып отыр­ған бастама. Яғни ауыл баласы үшін де кең жол ашылып, цифрлық білімге, сапалы оқу ресурстарына, интерактив­ті технологияларға қол жеткізу мүмкін­дігі артады. Сонымен қатар ауылдық ­мектептерге жоғары білікті педагог­терді тарту, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, үздік­сіз кәсіби даму курстарымен қамта­масыз ету арқылы оқыту сапасын арт­тыру – бұл саладағы жүйелі өзгеріс­тердің маңызды бөлігі болмақ. Білім саласындағы тең мүмкіндіктер – әлеуметтік әділеттіліктің көрінісі ғана емес, сонымен қатар ұлттық даму мен өркендеудің берік негізі. Қала мен ауыл мектебі арасындағы алшақтықты азайту арқылы біз нағыз сапалы, инклю­зивті және бәсекеге қабілетті білім жүйесін қалыптастырамыз. Осы­лайша, еліміздің интеллектуалдық әлеуе­тін арттырып, жарқын болашаққа жол ашып, бәсекеге қабілетті ұлт тәрбие­лей аламыз деген сенімдеміз. Себебі білім жүйесін түбегейлі жаңғыр­ту, қауіп­сіз әрі заманауи оқу ортасын қалып­тастыру – сан мыңдаған баланың арманына апаратын жол болып, олардың дарыны мен қабілетін толық іске асыруға мүмкіндік беретін нақты қадам болмақ.

Гүлзада МАНАТАЕВА,

№12 жалпы білім беретін орта мектеп директорының міндетін атқарушы

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы