Қанды Қаңтар кезінде ата-анасынан айрылған оқушыларға грант беріледі.

Білім беру грантына мына талапкерлер үміткер бола алады:

• ауылдан, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;

• жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;

• мүгедектігі бар азаматтар;

• мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;

• 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;

• Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған балалар.

Биыл мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Қаңтар оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша 238 адам қаза болған. Оның ішінде 9 адам тергеу изоляторында азапталып өлтірілген.