Продюсер Баян Алагөзова мешітке әйелдер күйеуімен немесе бауырларымен бару керек деген әнші Рүстем Жүгінісовті тексеруді талап етті.

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Никях деп қызбен бірреттік жыныстық қатынасқа түсуді сұрап тұр. Ең жаманы, әнші Рүстем Жүгінісов қыздарға күйеуіңсіз немесе бауырларыңсыз жүрмеңдер дейді. Мен уәкілетті органдардан онымен кем дегенде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сұраймын, себебі бұл – әйелдердің құқықтары мен бостандықтарының қоғамдық кеңістікте тікелей бұзылуы», — деп жазды продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешітінде орамал таққан бойжеткенге белгісіз ер адам интимдік ұсыныс айтып, «бір реттік неке» жасайық деп тиіскен болатын. Бұл жайт қоғамда қызу талқыланып, үлкен наразылық тудырған еді.

Әнші Рүстем Жүгінісов «егер мешітте солай жүрсеңіздер, ер адамдар жаман ойға кетеді. Сондықтан абай болыңыздар. Намазды кешке үйде оқыған дұрыс», – деген еді.