Пәкістанда лаңкес көлікпен әскери колоннаға соғылды. Оқиға салдарынан 16 адам қаза тапты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Hindustan Times басылымының мәліметінше, теракт Ауғанстанмен шекаралас Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Солтүстік Вазиристан аймағында болған.
"Кемінде 13 сарбаз қаза тауып, тағы он адам жарақат алған. Сонымен қатар, 19 бейбіт тұрғын зардап шеккен, олардың арасында жарылыстан құлаған шатырлардың астында қалған алты бала да бар", – делінген хабарламада.
Еске салайық, 22 маусымда Дамаскідегі грек православ шіркеуі – Святой Илия храмында діни рәсім кезінде жарылыс болды. Шетелдік БАҚ-тардың мәліметінше, жарылысқа лаңкес себеп болған. Алдын ала деректер бойынша, кемінде 25 адам қаза тауып, 80 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!