АҚШ-та жүздеген адам Лос-Анджелес көшелеріне шығып, наразылық танытты. Жиылған жұрт Ақ үйдің Иран-Израиль арасындағы кикілжіңге килігуіне қарсы.
Америкалықтар: «Таяу Шығыстағы ахуал одан бетер ушыға ма?» – деп алаңдайды. Наразылық шарасына шыққандардың арасында жақындары Тегеранда тұратындар да бар. Олар тараптарды бітімге келуге шақырды. Қазір жаһандық БАҚ: «Таяу Шығыстағы шиеленіске Құрама Штаттары араласу мүмкін», – деп жарыса жазып жатыр. The Wall Street Journal мәліметі бойынша АҚШ Иранға шабуыл жасауға сақадай сай тұр. Президент Дональд Трамп шабуылдың жоспарын мақұлдады. Әскерилер тек Ақ үй басшысының бұйрығын күтіп отырған көрінеді.