Елде биылғы 4 айда тұрмыстық құқық бұзушылық үшін 2 мың 93 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Түрлі жанжал төңірегінде "102" нөміріне 3 мың 76 рет қоңырау шалынған. Тұрмыстық сипаттағы заңсыздыққа барған 3 мың 765 адам профилактикалық есепке алынды. Оның ішінде 1 мың 750-і уақытша ұстау бөлмесіне қамауға алынды. Кейінгі жылдары елде Президент бастамасымен жауапкершілік күшейтіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға арналған 50-ден аса құқықтық акті қабылданды. Заңнамадағы соңғы өзгерістер бұл бағыттағы қылмыстың алдын алуға қаншалықты ықпал етті? Тұрғындар не ойлайды?
- Заңның күшейтілгені жақсы ғой. Заң бар жерде тәртіп болады. Мәдениет болады. Бір-біріне деген сенімділік керек. Сенім бар жерде барлығы болады ғой.
- Заңның қатаңдағаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені әйел өзінің күйеуінен қорқатын болса немесе оған күйеуі дауыс көтеретін болса одан қорықпау керек қой.
- Заңсыз болмайды ғой ол. Заңсыз Үкімет болмайды. Үкіметсіз заң болмайды. Заңды әрбір қазақ сақтауға міндетті. Енді заң қатал болғанымен әркім өз міндетін атқарса жақсы.