Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға жиі келуі — Қазақстанның Бейжің үшін маңызды екенінің айқын көрсеткіші. Бұл туралы қазақстандық сарапшы Қанат Оспанов айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшы қытайлық көшбасшы Қазақстанға алтыншы рет келгенін еске салды. Кейінгі үш жылда ол Астанаға екі рет келген, ал пандемиядан кейін алғашқы шетелдік сапары ретінде елімізді таңдаған.
2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы рекорд деңгейге, яғни 30 миллиард долларға жетті, оның жартысы қазақстандық экспортқа тиесілі.
"Бұл Қытайдың отандық тауарларға деген қызығушылығы артып келе жатқанын және еліміздің Азия бағытындағы ұстанымы нығаюын білдіреді", — деді сарапшы.
Оспанов Қытай Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі екенін айтты:
"Қазірдің өзінде 10 миллиард долларға 63 бірлескен жоба іске асырылды, тағы 60-қа жуығы жоспарланып отыр. Жалпы инвестициялық портфель 57 миллиард доллардан асады және өнеркәсіп, энергетика және логистика сияқты салалардағы 200-ден аса жобаны қамтиды.
17 маусымда Астанада өңірдің көшбасшыларының қатысуымен "Орталық Азия — Қытай" екінші саммиті өтеді. Қазақстан Орталық Азия мен Аспан асты елі арасындағы маңызды көпірге айналып отыр", — деп түйіндеді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз