«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері — Әмірәлі Дадамбаев. Ол №23 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы. Сүйікті пәні – математика. Болашақта ІТ саласының маманы болғысы келеді. Ұлы ақын Абайдың өлеңдерін ұнатады. «Бала тәрбиесі – басты байлығың» деп айтып кеткен Ұлы Абайдың шығармашылығын жатқа білетін Әмірәлі алда әлі талай асуларды бағындырары анық. Ғұлама ақынның өлең жолдары кімді де болса рухани биіктерге жетелеп, болашаққа деген құштарлыққа ұмтылдырады, саналылыққа тәрбиелейді. Осы құндылықтарды бойына ерте сіңіріп бастаған Әмірәлі дарынды ақынның сөз шеберлігі, даналық ойлары, парасаттылығы арқылы болашақ мамандығын таңдап және қандай адам болғысы келетінін анық біледі.