Конкурдан Қазақстан құрамасы Еуразия Лигасының әлем кубогы кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды 24KZ. Екінші орынды Өзбекстан командасына еншіледі. Үздік үштікті айыр қалпақты ағайындар түйіндеді.

Астанадағы «Арғымақ» сауықтыру кешенінде өткен сайыс үш күнге созылды. Оған алыс-жақын шет елдерден 60-тан астам шабандоз қытысты. Ал жеке дара сайыста отандастарымыз жеті жүлдені қанжығалады. Байрақты бәсекеде төрт мемлекеттің мамандары төрешілік етті.

Әсет Толқымбеков, ҚР ат спорты бойынша бас бапкері:

- Жарыс бойынша бізде төрт команда қатысты. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейдің командасы. Команданың дайындығы жақсы болды, бұл бізде осы маусымдағы төртінші жарыс. Екі кезең Өзбекстанда болды, үшіншісі Қырғызстанда, Бішкек қаласында болды. Қазір төртіншісі бізде болып жатыр. Келесі кезең бізде Ресейде, Мәскеуде басталады.