Өскемендегі «Қазмырыш» зауытындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды.
Бұл қаралы хабарды компания өкілдері мәлімдеді. «Қазмырыштың» ақпараты бойынша, жарылыс кезінде зардап шеккен жұмысшылардың бірі көз жұмды.
«Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Компания қаза тапқан қызметкердің жақындарына және барлық қызметкерлерімізге қажетті қолдау көрсетіп жатыр», — деп хабарлады «Қазмырыш».
Кәсіпорын өкілдері Өскемендегі металлургиялық кешеннің мырыш және қорғасын зауыттарында қуаттылықтың уақытша төмендеуімен жұмыс істеп жатқанын атап өтті.