7 мамыр — Қазақстанда Отан қорғаушылар күні. Massaget.kz тілшісі Алматы мен Астанада өтетін басты іс-шаралар мен сыйлықтарға арналған идеялар жинақтады.
Мереке тарихы: 7 мамыр қалай Отан қорғаушылар күніне айналды?
1992 жылғы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерін құру туралы жарлыққа қол қойылды. Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке мәртебесін кейінірек – 2012 жылы алды.
Сол кезде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға өзгерістер енгізіліп, 7 мамыр ресми мереке күні ретінде бекітілді.
2026 жылы 7 мамыр — бейсенбіге сәйкес келеді және бес күндік те, алты күндік те жұмыс аптасында қазақстандықтар үшін демалыс күні.
Елде қанша ер адам тұрады?
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстанда 10 044 673 ер адам тұрады. Олардың 56 пайыздан астамы – 16 мен 60 жас аралығындағылар.
Жас топтары бойынша ерлердің үлесі:
- 0–15 жас – 30,2 пайыз;
- 16–60 жас – 56,5 пайыз;
- 61 жас және одан жоғары – 13,3 пайыз.
Ұлттық бюро деректеріне сүйенсек, ерлер жұмыспен қамтылған халықтың жартысынан көп: олардың үлесі 51,6 пайызға жетеді — бұл шамамен 4,8 миллион адам.
- 50,6 пайызы – жалдамалы жұмысшылар;
- 55,1 пайызы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Ер адамдар көбінесе мына салаларда жұмыс істейді:
- өнеркәсіп – 16,5 пайыз;
- көтерме сауда – 14 пайыз;
- ауыл шаруашылығы – 12,4 пайыз;
- көлік және қоймалау – 11,1 пайыз.
Ең көп ер адам Алматы қаласы мен Түркістан облысында тұрады — әрқайсысында 1,1 миллион адамнан, одан кейін Алматы облысы (806,5 мың адам) және Астанада (785,4 мың адам) .
Ең танымал ер адам есімдері
Түркістан облысы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда ең танымал ер есімі Алан болды – бұл есім 817 ұл балаға берілген. Сондай-ақ, үздік бестікке Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері енді.
- Жаңа туған нәрестелер арасында 2025 жылы Мұхаммед (2537), Әлихан (2330), Айсұлтан (2305), Омар (2225) және Алдияр (2129) есімдері көш бастады.
- Бұған дейін 2024 жылдың қорытындысы бойынша рейтингте Мұхаммед есімі (3633) бірінші орын алса, одан кейін Айсұлтан (2862), Әлихан (2719), Мұхаммад (2712) және Омар (2484) есімдері тіркелген.
7 мамырда Астанада қайда баруға болады?
Мерекелік іс-шаралар бүкіл ел бойынша өтіп жатыр. Отан қорғаушылар күніне орай әр өңірде концерттер, көрмелер мен акциялар жоспарланған.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына келесі бағдарлама ұсынылады:
- 11:00-де "Қазақ елі" монументі алаңында концерт өтеді.
- 15:00-де "Нұржол" желекжолында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық оркестрінің салтанатты шеруі өтеді.
- Ауқымды Open air. "Астана Арена" стадионы. Сағат 10:00-ден бастап жәрмеңкелер мен балалар аймақтары жұмысын бастайды, ал 19:00-де эстрада жұлдыздарының қатысуымен кешкі концерт басталады.
- 19:00-де М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жанында Ұлттық ұлан оркестрінің қатысуымен мерекелік бағдарлама өтеді.
7 мамырда Алматыда қайда баруға болады?
Қалада да бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
- 10:00-де, 28 гвардияшы-панфиловшылар паркінде Роза Рымбаева, Muzart Life, КешYOU, Алатау серілері және басқа да өнерпаздардың қатысуымен басты мерекелік концерт өтеді.
- Сондай-ақ, Жетісу ауданының комьюнити-орталығында және амфитеатрда (Шұғыла шағын ауданы, 347) қазақстандық көркем фильмдердің ашық аспан астындағы көрсетілімі болады.
- Отан қорғаушылар күніне орайластырылған "Бейнелеу әлемі" атты жеке көрменің ашылуы сағат 16:00-де Almaty Gallery галереясында (Достық даңғылы, 44) өтеді.
7 мамырда не сыйлайды: сыйлық идеялары
Бұған дейін біз 7 мамырға арналған жақындарыңызға беретін қызықты сыйлықтар туралы жазған болатынбыз. Сыйлықты жас ерекшелігі мен қызығушылықтарын ескере отырып — пайдалы заттардан бастап, ерекше әсер сыйлайтын дүниелерге дейін таңдаған абзал.
- Мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге конструкторлар, үстел ойындары, кітаптар, спорттық керек-жарақтар немесе гаджеттер сыйлауға болады.
- Студенттерге, мысалы, рюкзак, пауэрбанк, ақылды колонка, ноутбукке арналған керек-жарақтар немесе мини-проектор сияқты практикалық заттар сәйкес келеді.
- Ересектер үшін көбінесе функционал сыйлықтар таңдалады: құрал-саймандар, портмоне, барбекю жинақтары, автокөлік керек-жарақтары. Сондай-ақ, демалысқа арналған сертификаттар, шеберлік сабақтары мен оқу курстары танымал.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!