Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Император Нарухито емен-жарқын кездесуден кейін жылы қоштасты, - деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.
Қазақстан Президентін Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті.
Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады.
Токио Қазақстан Президентінің сапарына қалай дайындалып жатқанын жазған едік.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18-20 желтоқсанға жоспарланған Жапонияға ресми сапары қарсаңында осы елдің Қазақстандағы Елшісі Ясумаса Ииджима Kazinform агенттігіне эксклюзив сұхбат берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесу жоспарланған. «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысып, іскерлік орта өкілдерімен жүздеспек. Kazinform тілшісі Қазақстан мен Жапония арасындағы байланыстың маңызды тұстарына тоқталып көрді.