Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта Мемлекет басшысымен келіссөз жүргізу үшін Ақордаға келді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Биыл Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективасын талқылайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз