Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы 40 мың тоннаға жуық қоқыс жиналды, деп хабарлайды 24KZ. Осы жолы Үржар ауданында «Болашақ» паркі мен Балалар саябағы ретке келтірілді. Қоғамдық шараға 300-ге жуық адам қатысты .

Жалпы көктем бойы аудан аумағында 20-дан астам сенбілік өтіп, 5 мың тоннадан астам қоқыс арнайы полигонға төгілді. Биыл үржарлықтар 8 мыңға жуық көшет егуді көздейді.

Серік Тілемесов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

- Халық бір кісідей тазалық жұмыстарын өздерінің аулаларынан бастады. Одан кейін қақпаларының сыртындағы арықтарды тазалады. «Таза өлке», «Туған жерге тағзым», «Таза бұлақ», «Мөлдір бұлақ» бағдарламары аясында бұлақтарға шықтық. 4,5 мың шақырым арықтардың бойлары күл-қоқыстан тазартылды.