Ақорда резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Руанда Республикасының президенті Поль Кагамені салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Руанданың әнұрандары шырқалды.

Құрмет қарауылы
Құрмет қарауылы. Фото: Ақорда

Айта кетейік, Ақорданың баспасөз қызметі осы аптадағы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шараларды хабарлаған еді.

Атап айтқанда, 28 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді.

28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.

28-29 мамырда Астанаға Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.

29 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Сондай-ақ 30 мамырда елімізге Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші "Орталық Азия – Италия" саммиті өтеді.